Астана - Көкшетау бағытында барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Боран мен нашар көріну салдарынан сағат 18:00-ден бастап Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі жүргізушілерге Астана - Көкшетау бағыты бойынша жолға шықпауды ескертеді.