Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ауа райы қолайсыз деген ескертуді елемей жолға шыққан жүргізушілер жауапкершілікке тартылады

28 желтоқсан 2022, 16:23

Ауа райы қолайсыз деген ескертуді елемей жолға шыққан көлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ескертті.

 

Министрлік дерегінше, биыл қазаннан бастап көктайғақ және қарлы боран сынды табиғаттың тосын мінезінің салдарынан республикалық жолдарда көлік қозғалысын 150-ден рет шектеуге тура келді. Алайда, алыс сапарларға шықпауға кеңес берілгенімен, оған немқұрайлық танытқан көптеген адам қар құрсауында қалып жатады. Жол саласының мамандары күре жолдың бойында 600-ге жуық адамға көмек көрсеткен.

 

Автомобиль жолдары комитеті көлік жүргізушілеріне тұрақты негізде дауыл туралы хабарламаларды жіберіп отырады. Республикалық маңыздағы автожолдар қысқы күтіп ұстау кезеңіне ауыстырылған сәттен бастап сала мамандары тиісті ескертуді елемеген жүргізушілердің батып қалған көліктерін шығаруға мәжбүр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 232 көлік жылы бокстарға орналастырылса, 563 адам жылыту пункттеріне жеткізілді.

 

Автомобиль жолдарын күтіп ұстау қызметінің техникасы көлікті қар құрсауынан шығаруға немесе эвакуациялауға бейімделмеген. Соған қарамастан көмек көрсетіледі, өйткені  жолды тазалау үшін оның бойында қандай да бір кедергі болмауы тиіс.

 

"Осы ретте биылдан бастап ауа райының қолайсыздығына қатысты көлік қозғалысын шектеу жөніндегі хабарламаны ескермеген тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын айта кету керек. Тиісті өзгеріс Үкіметтің "Жолдардағы көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына енгізілді" делінген хабарламада.

 

Сонымен қатар, мерекелік демалыс күндері сапарлар көбейетінін ескерген Автомобиль жолдары комитеті көлік иелерін дауыл туралы хабарламаны алған бойда сақтық шараларын ұстанып, ұзақ сапарға шығуға бас тартуды сұрап отыр. Ал, оқыс жағдай туындаса 1403 бірыңғай call-орталығына хабарласуға болады.