Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бір адам өз атына қанша шетелдік көлікті заңдастыра алады

15 желтоқсан 2022, 17:03

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев бір азамат өз атына неше шетелдік көлік заңдастыра алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Шетелден әкелінген көлікті заңдастыру үшін оның иесі міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болу керек. Ал бір азаматтың атына неше көлік заңдастыру керек деген келсек, саны бойынша ешқандай шектеу жоқ», - деді комитет басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

 

Бұл үшін заңдастыруға жататын көлік мынадай үш талапқа сай болуы керек:

 

Біріншісі – автокөлік іздеуде болмауы керек.

 

Екіншісі – кедендік тазартудан өткен болуы керек.

 

Үшіншісі – 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктер болуы қажет

 

Сондай-ақ, ол техникалық ақауы бар көлікті заңдасытыру үшін жөндеу міндетті екенін ескертті.

 

«Заңдастыруға жататын көліктің «жасына», экологиялық класына, рулінің қай жағында орналасқанына байланысты ешқандай тыйым жоқ екенін тағы қайталап айтамын. Ал техникалық жағдайына келсек, тіркеу кезінде техникалық бақылаудан өткіземіз. Егер көліктің техникалық тұрғыдан ақауы бар боп шықса,оны тіркеуге қоя алмайтын шығармыз. Жол қозғалысына тек техникалық ақауы жоқ көліктер ғана қатысуы керек. Техникалық байқау деген сол үшін керек. Бірақ бұл біз ондай көлікті тіркеуден бас тартамыз деген сөз емес. Иесі оны жөндеп, ақауды жойып, қайтадан тіркеу пунктіне жүгіне алады. Ақау шынымен жойылған болса, көлік тіркеуге қойылады», - деді Қайсар Сұлтанбаев.