Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жол полициясына жеке куәліктің фотосын көрсете салуға бол ма?

08 ақпан 2021, 13:15

Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат берілгеннен кейін полицияға жеке куәлікті көрсету тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, әзірге жеке құжаттардың цифрлық үлгісін көрсетуге болмайды. Сондықтан жеке куәлікті өзімен бірге ұстап жүрген дұрыс.

 

"Иә, қазіргі кезде цифрландыру министрлігі цифрлық құжаттар қызметін дамытып жатыр. Алайда жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамаға сәйкес, әзірше бұл құжаттарға материалдық объектілер ғана жатады. Ал жеке куәліктің фотосын көрсете салуға болмайды. Себебі мәселе фотода емес, полиция жүргізушінің жеке басын анықтауы тиіс", - деді Түсіпов ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

 

Оның ойынша, цифрлық технологиялар дамыған сайын цифрлық құжаттардың құқықтық мәртебесі де өзгереді. Сондықтан болашақта көлік жүргізушілер цифрлық құжаттарды қолдануы әбден мүмкін.

 

Айта кетейік, 13 ақпаннан бастап көлік иелеріне жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Полицейлер жүргізуші куәлігін, көлікті тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты планшет арқылы тексереді. Ал интернеті жоқ елді мекендерде және тас жолдарда радиобайланыс арналары арқылы тексеріледі.

 

Заңның жаңа нормасы тек Қазақстан азаматтарына қатысты.  Шетелдік нөмір таққан көліктер мен жүргізуші куәлігін шетелде алған жүргізушілер өзімен бірге барлық құжатты алып жүруі тиіс.