Жүргізуші куәлігінің қолдану мерзімі асып кетсе...

Жүргізуші куәлігінің қолдану мерзімі асып кетсе...

Әр жүргізуші оларды жоғалту, қолданылу мерзімінің аяқталуы немесе жүргізуші тегінің ауысу себебі бойынша қалпына келтіру қажеттілігімен бетпе-бет келуі мүмкін. Айтылған әр жағдайды шешу үшін әр сипатталған жағдайдың бірін шешу үшін маңызды ерекшеліктер тобы бар. Қалпына келтіру немесе ауыстыру тәртібімен танысыңыз, ол сізге жүргізуші куәлігін тез арада алуға көмектеседі.

 

Жүргізуші куәлігін жоғалту немесе ұрлауы бойынша қалпына келтіру

 

Жүргізу құқығын қалпына келтіру үшін Сізге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жүгіну және мынадай құжаттарды ұсыну керек:

 

* жүргізуші куәлігін беру бланкісіндегі толтырылған өтініш (Арнайы ХҚКО-да қажет емес);

 

* жеке басын куәландыратын құжат;

 

* 083/у нысанды медициналық анықтама және оның көшірмесі, (тек жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайында ұсынылады);

 

* курстарды аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжат (өз бетінше дайындалуды қоспағанда).

 

* мемлекеттік баж алымды төлеуді растайтын құжат (1,25 АЕК) (онлайн төлеу).

 

«Жоғалғанның орнына» белгісі бар жаңа жүргізуші куәлігі ЖЖҚ емтихандарын тапсырмастан беріледі.

 

Тұрғылықты жерін ауыстыратын немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ мерзімді iссапарға (үш айдан астам) кететiн адамға, растайтын құжаттар негізінде, жүргізуші куәлігі жоғалтқанның орнына бір ай мерзімінің аяқталуына дейін беріледі.

 

Олардың орнына иелеріне басқа жүргізуші куәлігі берілген табылған жүргізуші куәліктері жаңа жүргізуші куәлігі берілген сәттен бастап өзінің заңдық күшін жоғалтады және белгілеген тәртіппен жою үшін міндетті түрде ТЕБ-ке тапсыруға жатады.

 

Жүргізуші куәлігін ауыстыру

 

Жүргізуші куәлігін алмастыру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

 

- Тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) өзгерту.

 

- Пайдалану үшін жарамсыздығы.

 

- Қолданылу мерзімі өткен кезде.

 

- Иесінің қалауы бойынша.

 

ҚР 2017 жылғы 3 шілдедегі № 83-VI "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес қолдану мерзімі асқан жүргізуші куәлігін алмастыру үшін емтихан тапсыру қажет емес

 

 

Жүргізуші куәлігін ауыстыру пакеттер құжатымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жүгіну керек:

 

* жүргізуші куәлігін беру бланкісіндегі толтырылған өтініш (Арнайы ХҚКО-да қажет емес);

 

* жеке басын куәландыратын құжат;

 

* 083/у нысанды медициналық анықтама және оның көшірмесі, (тек жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайында ұсынылады);

 

* мемлекеттік баж алымды төлеуді растайтын құжат (1,25 АЕК) (онлайн төлеу);

 

Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеуде тұрған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда, шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

 

«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 2 сағаттан аспайды.

 

 

 

Дереккөз: ІІМ ӘПК

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста