Қазақстан SOS батырмасы жоқ көлікті тіркемейді

02 ақпан 2023, 16:25

Былтыр жазда Қазақстан ЕЭК кеңесіне жеке тұлғалардың шұғыл көмек көрсететін жүйе не құрылғысыз көлікті өзі қолдану үшін елге кіргізуіне рұқсат беруді ұсынған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл идея қолдау тауып, 2022 жылдың 2 шілдесінде тұрғындардың SOS батырмасы жоқ машина әкелуіне мүмкіндік туды.

 

Уақытша жеңілдік 1 ақпанда күшін жойды. Яғни, енді шетелден көлік әкелгісі келетін жеке тұлғалар батырма орнатуға қосымша ақша жұмсайтын болады.

 

Ал автоөндірушілер 2024 жылдың 1 ақпанына дейін осы жеңілдікті қолдана алады. Бірақ сол жыл аяқталғанша шығарған көліктерін аталған құрылғымен жабдықтауға тиіс.