АВТОкеңес

ҚАЗАҚСТАНДА НЕГЕ АВТОКӨЛІК ҚЫМБАТ?!

  • https://www.beforward.jp/

    https://www.beforward.jp/

2019 жылдың күзінде Оңтүстік Кореяға іссапармен бардым. Бірнеше күнде шаруамды бітірген соң, ақыры келіп тұрмын ғой, елге көлік жібере салайын деп шештім. Ондағы осымен айналысатын жігіттер біздің елдегі көлікті заңды рәсімдеу - өте қымбатқа түсетінін ескертті.

 

Содан, не керек, әрі ойлап, бері ойлап қозғалтқыш көлемі ең кішкентай (себебі, кедендік рәсімдеу, тағы басқа алымдар қозғалтқыш көлемі кішкентай болса арзандау түседі дегенді естіп алғам) көлік жібермекке бекідім. Ондағы ойым, “әуелі бір рет көрейін, бәрі сәтті болып жатса, артынан тағы алдыртармын” болды.

 

Әлқисса, содан Инчоннан бір Kia Morning атты 2018 жылғы, бар-жоғы 11000 шақырым “шапқан” шағын көлік таптық. Қозғалтқыш көлемі 1 литрден аспайтын, бірақ GDi тектес, турбо орнатылған, комплектациясы өте жақсы көлік болды. Содан ол көлікті 4800$ (сол кездегі бағаммен 1 872 000 тг), жөнелту құны 1700$ (663 000 теңге), жиыны Алматыға 6500$ (2 535 000 тг) келіп тоқтады.

 

Қызықтың бәрі елге келген соң басталды. Майда-шүйде шығындары есте қалмапты, ірі бастыларына тоқталайын. Келген бойда 710 000 тг кедендік алым үшін брокерге бердім, ол көлікті рәсімдеп берді. Енді болған шығар десем, келген көлігіңнің біздің Кедендік Одақ атты қамытты мойынға кигенде міндеттенген жаңылыспасам, Euro 5 стандартына сәйкес келетіндігін дәлелдейтін Сәйкестік сертификатын алу қажет екен (жанар-жағар майларымыздың сапасы керемет артып кетіпті-міс). Бұл мәселені 2016 жылдан соңғы жылдары монополист “автоөндірушілердің” құзырына беріп тастапты. Бұрынғы сәйкестік сертификатын бере алатыр тәуелсіз мекемелердің бәрін жапқан. Яғни, кәрістің “Хюндайын” әкелсең, Нұрлан Смағұловтың “Астана моторсының”, “Киасын” әкелсең, Николай Балушкиннің “Азия Автосының” “батасын” алуың керек. Олай болмаған жағдайда, көлігің есепке қойылмайды. Қысқасы, оған да жаңылыспасам 200 000 тг шығындадық. Енді, автоцонға барып, нөмір алатын шығармыз десем, “утильсбор” төлеу керек екен.

 

Содан, салып ұрып, Райымбек пен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы “Оператор РОП” ЖШС-на келдім. Менің таңданысымда шек болмады. Себебі, біздің құдіретті мемлекет бізге - түбі күмәнді ЖЕКЕ компанияға бір жыл да жүрілмеген, қозғалтқыш көлемі 1 литрден аспайтын жап-жаңа көлігім үшін 380 000 тг “утилизациялық алым” төлеуге мәжбүр етті.

 

Осымен болған шығармыз дегенмін. Сөйтсем, көрер “қызығымыз” әлі таусылмапты. Көлік тіркеуге келсем, “алғашқы тіркеу” (первичная регистрация) деген алым алдымнан шықты. Соның өзіне менің “почти” жаңа көлігіме қосымша 71000 теңге төлеп, нөмір мен техпаспортқа мемлекеттік алым (12000 тг) тағы төлеп, әрең бітірдім ғой.

 

Сонда Кореядан 2 535 000 теңгеге келген менің кішкентай ғана, жылы жаңа көлігімді Қазақстанда рәсімдеу үшін тағы қосымша 1 373 000 тг төледім. Оның 797 000 теңгесі кеден, қаржы министрлігі секілді мемлекеттік органдарға төленген қаражат болса, қалған 580 000 теңгесі мемлекет қолдан лобби жасап отырған ЖЕКЕ компаниялардың есебіне кеткен қаражат. Тағы еске сала кетейін, бұл осы кішкентай ғана көлікті сол кездегі АЕК (МРП) көлемі 2525 тг болғанда кеткен қаражат. Ал, қазір АЕК 2917 тг яғни, қазір бұл алымдарға одан да көп сома кетеді.

 

Сонымен, достар, неліктен, біздегі автокөлік бағасы қымбат екеніне көздеріңіз жете бастады ма? Алдағы уақытта осы тақырыпқа егжей-тегжейлі тоқталсам, ел жиі мінетін көліктердің алым-салығын есептеп, неліктен мұндай баға шығатынын анықтап пост жариялап отырсам сіздерге қызықты ма? Пікірлеріңізді білдіре отсаңыздар!

 

P.S. Әзірге мынау сілтемедегі петицияға жабылып қол қойып жібере беріңіздер. Себебін, келесі постымда жазатын боламын.

 

 

 

Нұриддин Садықов




Көрілген: 2873    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 13:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30