Қазақстанға қандай көлік кіре алмайды

Қазақстанға қандай көлік кіре алмайды

Шетелден автомобиль әкелу ережесін билік былтыр жазда қабылдамақ болған. Алты ай өткен соң ҚР ИИДМ тиісті қаулы жобасын әзірледі. Құжат қоғам талқысынан өтті, енді көп ұзамай қабылданып, күшіне енетін сияқты. Уақыт өте қаулыға біраз өзгеріс пен түзету енуі мүмкін, бірақ қазірдің өзінде шетелден көлік әкелу ережесі кәдімгідей қатаңдайтыны байқалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жоба бойынша бөтен нөмір таққан көлікті оған иелік ететін жеке және заңды тұлға немесе халықаралық қозғалысқа қатысатын шетел азаматы ғана шекарадан өткізе алады. Сенімхат не сақтандыру арқылы жүргізетіндер автомобиль иесі саналмайды. Ал халықаралық қозғалыста деп шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ адамның меншігіндегі машина танылады.

 

Басқа елден келген көліктерді шекара маңында орналасқан автомобиль бекеттеріндегі кеден қызметкерлері тексеріп, тіркейді.

 

Қазақстан аумағына кіре алмайтын машиналардың тізімі де жарияланды. Олар:

 

* халықаралық немесе ҚР ұлттық заңнамасына сәйкес іздеуде жүрген;

* иелік ету, пайдалану, тапсыру құқығы шектелген;

* құжаттары мен мемлекеттік нөмірі жарамсыз;

* торап және агрегат нөмірі жасырын, жалған және өзгерген көліктер — мұны полиция анықтайды;

* таңбалануы, техникалық және сәйкестеу сипаттамалары мен тіркеу құжаттарындағы мәліметте айырмашылық бар;

* ЕЭО елдерінде тіркелгені КҚЭП (ЭПТС) жүйесіндегі электронды паспортта жазылған мәлімет арқылы расталмаған.

 

Қазақстанға көлік жеткізу қызметін көрсету туралы келісімшарты жоқ клиенттерге машина әкелмек болған автотасығыштар да ел аумағына кіре алмайды. Келісімшартта автомобиль иесі, көліктің сәйкестеу белгілері, жеткізу орны, қабылдау шарттарына қатысты мәлімет болуға тиіс. Жауапты органдар машина туралы мәліметті электронды техпаспорт жүйесі көмегімен тексереді.

 

Басқа мемлекетте есепте тұрған машина біздің елде техникалық тексерістен өтіп, сақтандыру полисін алуға міндеттеледі. Ондай көлікпен такси қызметін атқаруға болмайды.

 

Елге келген автомобиль туралы мәлімет кеден, шекара, полиция және сақтандыру қызметтерінің базасында сақталады.

 

Бұл әзірше тек жоба. Құжаттың соңғы нұсқасы күшіне енгенде Kolesa.kz редакциясы бірден оқырмандарына хабарлайды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста