Көлік салығын қашан төлеу қажет?

17 желтоқсан 2022, 12:55

Көлік салығы әдетте жыл аяғына дейін төленетіні тәжірибелі жүргізушілердің есінде шығар. Бірақ 2020 жылы мерзім 1 сәуірге дейін ұзарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бюджетке түсетін соманы есептегенде бұрынғыдай бір жыл, яғни 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі уақыт ескеріледі, өйткені салық мөлшері бір жылда бір рет өзгеретін АЕК-ке тікелей байланысты. Шекті мерзімін билік көлік иелеріне ыңғайлы болсын деп 1 сәуірге дейін ұзартқан.

 

Қашан өсімпұлсыз төлеуге болады?

 

2022 жылғы салықты жаңа жыл келгенше де, 2023 жылы 1 сәуірде де төлеуге мүмкіндік бар. Мемлекетпен есеп айырысқанда 12 айға немесе машинаны кейін сатып алсаңыз, иелік еткен мерзімге ақша бересіз.

 

Келер жылғы 1 сәуірден кешіксеңіз, қарыз үстіне өсімпұл қосылып, кейін іс сот орындаушы қолына өтеді де, түрлі шектеуге тап боласыз.

 

Салық сомасын Kolesa.kz сайтында есептеп, e-Salyq Azamat қосымшасындағы «Предстоящие платежи» бөлімі арқылы төлеуге болады. Қызметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталы, электронды үкімет және Kaspi.kz сияқты екінші деңгейлі банк қосымшалары мен кассасы арқылы да алуға жағдай жасалған.

 

Кім төлейді?

 

Автомобиль атына тіркелген адам салық төлеуші саналады. Сенімхат не сақтандырумен көлік жүргізіп жүрген тұрғын мүлік иесінің атынан салық төлеу үшін оның ЖСН мен аты-жөнін білуі керек. Қайта тіркеусіз автомобиль сатып алғанда бұрынғы иесінің жеке куәлігінің көшірмесін алған дұрыс.

 

Машинаны иесінің әйелі не күйеуі жүргізсе де солай болады. Төлем жасағанда құқық иесі туралы мәлімет жазылады.

 

Неге сатылған автокөліктің салығы туралы хабарлама келеді?

 

Көлік салығы Әкімшілік полиция комитетінің орталық базасындағы деректерге негізделеді. Егер сатылған машина есептен алынбаса, салық техпаспорттағы тұлға атына рәсімделеді. Сондықтан көлікті есептен шығарған маңызды, әйтпесе бар қарыз сатушының мойнына ілінеді. Көлікті есептен шығару үшін арнайы ХҚКО немесе ХҚКО-ға бару қажет.

 

Көлік иесі оған иелік еткен соңғы жылдың салығын төледім деп алдыңғы кезеңдегі қарызын жабатын кездер жиі болады. Яғни өткен жылдардағы салық төленеді де, биылғысы қалып қояды. Келер жылы көлікті есептен алғанға дейін иелік еткен мерзімге салық төлеу қажет болады.

 

Автомобиль іздеуде жүрсе ше?

 

Ұрланған машинаны салықтан босату үшін салық органдарына қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат тапсыру керек. Қылмыстық іс қозғалған күннен бастап іс жабылып, көлік иесіне табысталған сәтке дейін салық сомасы есептелмейді.

 

Жөнделіп жатқан көлік үшін салық төлеу қажет пе?

 

Иә. Ақауы бар көлік те жол полициясында тіркеуде тұратындықтан, салық төлеу керек. Мемлекет қазынасына ақша құйғыңыз келмесе, көлікті есептен шығарасыз.

 

Он жастағы көлік үшін неге көп салық сұралады?

 

Қазақстанда 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шыққан қозғалтқыш көлемі 3 000 текше см-ден асатын немесе ел аумағына сол күннен кейін кірген автомобильдер үшін мөлшері жоғары салық салынады.

 

Мәселен, 2011 жылғы Lexus 570 елге 2020 жылы келді делік, автомобиль Қазақстанда 2020 жылы алғаш тіркелгендіктен, оған 500 мың теңге салық салады.