Көлік салығын қашан төлеу керек?

24 желтоқсан 2021, 20:14

2020 жылы ҚР Салық кодексіне түзету енгізіліп, көлік салығын төлеудің шекті мерзімі 31 желтоқсаннан 1 сәуірге ауыстырылды.

 

Егер жүргізуші өзі қаласа, ақшаны ескі дәстүр бойынша жаңа жылға дейін бюджетке құйса болады. Оған ешкім тыйым салмайды. Бірақ қаңтар, ақпан және наурыз айлары үшін де есептесу керек екенін естен шығармаған жөн.

 

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап шағын жүк машинасы мен фургон иелері жеңіл автомобиль ретінде емес, жүк көлігі ретінде салық төлейді.

 

 

kolesa.kz