АВТОкеңес

Көлік сатарда абай болыңыз

  • https://kolesa.kz/

    https://kolesa.kz/

Жеке құжатыңыздың суретін WhatsApp арқылы жібермеңіз деп ескертеді kolesa.kz тілшісі.

 

Алаяқтардың кезекті айласы жайлы әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны жазды. Ол 2015 жылғы Hyundai Accent-ті біздің сайт көмегімен 6.35 млн теңгеге сатпақ болған. Көлікке қызыққандар хабарласа бастапты, солардың бірі техникалық құжат пен жеке куәліктің фотосуретін ватсап арқылы жіберуді сұрайды. Ол осылай айыппұл бар-жоғын тесермек болыпты. Бұдан еш күдіктенбеген көлік иесі әлгінің айтқанын орындайды. Куәліктегі ЖСН-ді бояп қойғанның өзінде, ер адам алаяқ құрған қақпанға түсіп қалған.

 

 

Мұнда қандай кілтипан бар?

 

Біраз уақыт өткен соң сатушыға «Акцентті» көрсетіп, сатуды талап еткен белгісіз адамдар қоңырау шала бастайды. Олар кепілақы төлегенін айтады, ал сатушы бір тиын да алмаған.

 

Кейін белгілі болғандай, әккі қылмыскерлер бірнеше жалған хабарландыру беріп, көлік бағасын 5 млн теңге деп көрсетіпті. Оның құнын көріп, қызыққандар көп болғаны таңғалдырмайды. Сөйлесу барысында алаяқтар кепілақы сұрайды, мәміленің шынайы екенін растау үшін сатушыға тиесілі құжаттардың суретін жібереді. Ақша шотына түсе салысымен, хабарландыруды өшіреді де, қоңырауға жауап бермейді.

 

Ер адам полицияға жүгінген, алайда қаскөйлер әлі табылмапты.

 

Алаяқтың құрығына ілінбес үшін мына ережелерді жадыңызда сақтаңыз:

 

- Мессенджер арқылы ешкімге құжат фотосын жібермеу! Бұл қауіпті.

 

- Жеке басыңызға қатысты (ЖСН, құжат нөмірі, үйдің мекенжайы, отбасы мен табысыңыз) мәлімет бермеу.

 

- Банк картасындағы деректерді, олардың фотосуретін, СМС және пуш-хабарламадағы кодты жібермеу. Ақша аудару үшін карта нөмірі жеткілікті.

 

- Kolesa.kz қосымшасындағы жеке хаттар арқылы хабар алмасқан жөн. Көбіне алаяқтар чаттағы жазбаны өшіруге мүмкіндік беретін WhatsApp не Telegram қолдануды ұсынады.

 

- Келісімшарт жасалмаған немесе қолхат берілмеген жағдайда, алдын ала төлем жасамау және қабылдамау.

 

- Төлем жасау үшін сатушы жіберген сілтемені ашпау.

 

- Мобильді құрылғыға бөгде бағдарлама орнатпау.

 

Егер профиль немесе хабарландыру күдік тудырса, қолдау қызметіне хат жазыңыз. Біз сатушыны тексереміз. Ғаламторда ешкімге сенуге болмайды, сондықтан қосымша тексеріс жүргізген артық етпейді.

 

Алданып қалсаңыз не істеу керек?

 

Егер алаяқтың арбауына түсіп, сан соғып қалсаңыз бірден полицияға арыз жазыңыз. Ресми сұраныс негізінде біз құқық қорғау органдарына хабарландыру авторына қатысты тергеуге қажет ақпарат бере аламыз.

 

Пайдаланушыларды алаяқтардан сақтау үшін Kolesa.kz модераторлары әр хабарландыруды жарияламас бұрын тексереді. Алайда жыл сайын алаяқтардың да айласы артып келеді, сондықтан оларды шынайы клиенттен ажырату оңай емес. Күдікті аккаунттармен күресте жалған хабарландыруға шағым түсіретін сайт қолданушыларының да көмегі зор.

 

 

Kolesa.kz-тегі әр хабарландыруда «Хабарландыруға шағымдану» деген батырма бар. Егер ақпарат дұрыс болмаса, сөйлесу барысында сатушы жеке мәлімет пен банк картасының көшірмесін жіберуді не ақша аударуды талап етсе, батырманы басып, жағдай туралы баяндаған жөн.

Kolesa.kz қызметкерлері тексеріс жүргізеді. Сіз берген ақпарат расталса, күдікті хабарландыру өшіріліп, алаяқ құрған аккаунт бұғатталады.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 933    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 19:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30