Көлікті Ресей, Армения немесе Қырғызстанда қалай есептен шығарады

Көлікті Ресей, Армения немесе Қырғызстанда қалай есептен шығарады

Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін кірген шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады. Үкіметтің арнайы қаулысында жазылғандай, мұндай машинаны жеңілдікпен тіркеудің басты шартының бірі — автомобиль бұрын тіркелген мемлекетте есепте болмауы керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша шетел нөмірін тағып жүрген 307 500 көліктің көбі ЕЭО-ға мүше үш елдерден келген: Ресейден — 259 927, Қырғызстаннан — 25 546, Армениядан — 17 911. Kolesa.kz редакциясы осындай машина мініп жүрген тұрғындарға көлікті шетел тіркеуінен шығару жолын түсіндіреді.

 

Ресейден келген көліктер

 

Автокөлікті Ресейде кез келген МЖҚИ (ГИБДД) тіркеу бөлімінде есептен шығаруға болады. Мысалы, Мәскеуде сатып алған көлікті тіркеуден шығару үшін Белокаменнаяға қайта барудың қажеті жоқ. Ресей шекарасынан өткен бетте ең жақын жердегі ірі елді мекенге барсаңыз болғаны.

 

Ресейлік көліктің көбін бұрынғы иесі тіркеуден баяғыда шығарып тастағанын, олар қазір «ауада» тұрғанын естен шығармаған жөн. Кейбірі іздеуде жүр немесе кепілде тұр, тіпті «сыңары» бар болуы мүмкін. Сол үшін Ресейге барарда осыны мұқият зерттеген жөн, әйтпесе Ресейге аяқ басқан бетте машина полиция қолына түсіп, оны шығару қиынға соғуы мүмкін.

 

 

 

Алдымен МЖҚИ парақшасына өтіп, онлайн режимде көлік құралы паспортының статусын тексеру керек. Егер паспорт әлі заңды болса, машина іздеуде немесе кепілде бар-жоғын тексеріп көріп, Ресейге апарып есептен шығаруға болады. Егер паспорт жарамсыз болса, көлік Қазақстанда заңсыз жүр деген сөз. Елде мұндай автомобильді заңдастырмайды.

 

Көлік паспорты жарамды, машина іздеуде немесе кепілде жоқ болса, есептен шығару үшін мына құжаттар қажет:

 

өтініш;

СТС — көлік құралының куәлігі (бізше техпаспорт);

көлік құралының паспорты;

жеке куәлік немесе паспорт;

сатып алу-сату шарты, бас сенімхат немесе меншік құқығын растайтын өзге құжат (сыйға тарту құжаты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік және т.б.).

 

 

Құжаттарды МЖҚИ-ға тапсырғаннан кейін автокөлікті іздестіру және өзге де міндеттемелер базасынан тексереді, содан кейін оны салыстыруға жібереді.

 

Бәрі дұрыс болса, мемлекеттік нөмір тапсырып, біраз уақыттан кейін мына құжаттарды аласыз:

 

тіркеуден шыққаны туралы белгісі бар көлік құралының паспорты (төлем — 800 рубль);

транзиттік нөмір (қағаз үшін — 1600, металл үшін 2100 рубль төлейсіз).

 

Есептен шығарар алдында көлік салығын төлеу керек. Полиция салық органымен есеп айырысқаны туралы анықтама сұрауы мүмкін. Тіркеуден шығарған кезде көлік құралының паспортына машинаға транзиттік нөмір беру және жаңа иесінің тұрғылықты жері туралы белгі қойылып, «Ресейден тыс жерге шығуға міндетті» деп жазылады. Көлік куәлігін мемлекеттік нөмірмен бірге өткізесіз.

 

Барлық процедураны орындап, «транзиттік» құжат алғаннан кейін көлікті елге әкеліп заңдастыруға болады. Мұндай машинадан кедендік тазарту және утиль алымын сұрамайды.

 

Қырғызстаннан келген көліктер

 

Қырғызстанда автокөлікті есептен алу үшін иесі техникалық тексерістен өтуі керек (қырғыз заңына сай жеке машина үшін ол талап етілмейді, бірақ тіркеуден шығаратын кезде қажет), содан кейін жергілікті жол полициясының көлік құралдарын және жүргізушілерді тіркеу бөліміне хабарласып, сол жерде тексерістен өту қажет. Мына құжаттарды тапсырасыз:

 

өтініш;

автомобильді тексеру актісі;

паспорт немесе жеке куәлік;

сатып алу-сату шарты, бас сенімхат немесе меншік құқығын растайтын өзге құжат;

көлік құралын тіркеу туралы куәлік (техпаспорт);

техникалық тексерістен өткені туралы талон;

мемлекеттік нөмір;

мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртек — 377 сом.

 

Бұдан бөлек жаңа техпаспорт үшін 10 еуро (қазір 928 сом), мемлекеттік нөмір үшін 11.62 еуро (1078 сом) төлеу қажет. Барлығы мөлшермен 10 854 теңге болады. Тіркеуден шығарғанға дейін бұрынғы иесі көлік салығын төлеуге міндетті.

 

 

Қазақстанда қырғыз көлігін заңдастырған кезде кедендік баж мөлшеріндегі айырмашылықты да төлеуге тура келеді. Оны мамандандырылған ХҚКО-дағы мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері есептейді.

 

Армениядан келген көліктер

 

Қазақстан полициясы армениялық көліктерді тіркеуден онлайн шығару туралы Ереванмен келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ мұндай мүмкіндік бола ма, жоқ па әлі белгісіз. Демек Армениядан машина әкелген азаматтар аталған елге баруға дайындала жүргені артық болмайды.

 

 

Бұрын Қазақстанда уақытша А сериялы сары нөмір алған көлікті Қазақстандағы тіркеуден шығарып, сақталып тұрған армениялық нөмір мен техпаспортты қайта алу керек, содан кейін ғана машинаны есептен шығару үшін Арменияға апаруға болады.

 

Арменияға барғаннан кейін машина техникалық тексерістен өтеді, содан кейін оны салыстыру және рәсімдеу үшін МЖҚИ (ГИБДД) тіркеу бөліміне беруге болады. Ол үшін мына құжаттар қажет:

 

өтініш;

иесінің паспорты;

автомобильдің техпаспорты;

техникалық тексерістен өткені туралы талон;

меншік құқығын растайтын құжат (сатып алу-сату шарты, бас сенімхат және т.б.), егер құжат бойынша иесі Армения азаматы болса;

мемлекеттік нөмір;

мүлік салығын төлегені туралы түбіртек;

тіркеуден шығару, техпаспорт пен «транзиттік» нөмір алу үшін алым төлегені туралы түбіртек (25 500 драм немесе 22 820.85 теңге).

 

Сондай-ақ Арменияда машинаны тіркеуден шығару үшін көлік салығын төлеу қажет. Қазақстанда уақытша тіркелген Армения көлігінің иесі оны төлеуге міндетті емес. Бұл туралы екі ел үкіметі 2021 жылы келісімге келген. Ал өзге автокөлік иелері Арменияға салық төлейді.

 

Kolesa.kz редакциясы материалды Ресей, Қырғызстан және Арменияның ресми тіркеу ережелеріне сүйеніп жазды. Құрметті оқырман, егер сіз аталған елдерде автомобильді есептен шығарып көрген болсаңыз және қосымша ескертуіңіз болса, пікір жазыңыз.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста