Неліктен газбен жүретін көліктерді жабық тұраққа қоюға болмайды?

25 тамыз 2023, 12:39

Елімізде "Газбаллон" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары да қалыс қалған жоқ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туарылы Іnbusiness.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жабық паркингтерде газ жабдықтары бар машиналардың бар-жоғын тексеруде. Сонымен қатар тұрғындарға ондай машиналарды тұраққа қоюға тыйым салынатынын түсіндіруде.

 

Бүгін, 24 тамызда Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің қызметкерлері "Газбаллон" республикалық жедел алдын алу іс-шаралары аясында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Рейдтер барысында Орал қаласының "Орал", "ASIA MALL" сауда-ойын-сауық орталықтарының, "Юнис сити" және "Олимп" тұрғын үй кешендерінің жерасты автотұрақтарында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 4 фактісі анықталды, олар бойынша әкімшілік іс қозғалды. Аталған іс-шаралар барысында барлық автокөлік иелеріне қауіпсіздік талаптары жеткізілді.

 

Сонымен қатар, рейдтер барысында автокөлік құралдарына тиісті рұқсатсыз газ-отын жүйесін орнатқан жосықсыз автокөлік иелерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Құжаттары жоқ газ баллонды жабдықтары бар 5 автомашина айыппұл тұрағына жөнелтілді.

 

"Газбаллон" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

 

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерінде қозғалтқыштары сығылған табиғи газбен немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған, өзге мақсаттағы және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан автотұрақтар мен жабық типтегі үй-жайлар мен паркингтердегі автокөліктердің тұрағына тыйым салынғанын еске салады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz