Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шетелдік көліктер 2 қаңтардан бастап Қазақстанда техникалық тексерістен өте алады

23 желтоқсан 2022, 18:52

Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемесін міндетті техникалық тексерістен өткізу қағидасына өзгеріс еніп, ресми жарияланды, енді ол 10 күннен кейін, яғни 2023 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енеді. Жаңарған нұсқада ереже Қазақстан аумағында тіркелген автокөліктерге қатысты деген норма болмайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік тексеретін орындар мынадай жағдайда ғана машинаны тексеруден бас тарта алады:

 

* көлік иесі техникалық төлқұжатын бермесе;

* машинаның өзін тексеріске әкелмесе;

* шанағы немесе шассиі ауысқаны техникалық төлқұжатта көрсетілмеген көлікті тексеріске әкелсе;

* мемлекеттік нөмірі жоқ болса.

 

Көлік тексеретін орын қызметкері, мысалы, деректер базасында жоқ деген сияқты себеппен шетелдік машинаны тексерістен өткізуден бас тарта алмайды.

 

Сондай-ақ кейбір жүк-жолаушы таситын жеңіл автомобильді фургондар секілді алты ай сайын тексерістен өтуге міндеттейтін ереже күшін жояды.

 

Жақында «Жол жүрісі туралы» заңға да өзгеріс еніп, жарияланады.