Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Техникалық байқау" құжаты цифрлы форматқа ауыстырылады

03 тамыз 2023, 12:32

"Техникалық байқау" құжаты цифрлық форматқа ауысады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.  Бұл туралы Sputnik.kz тілшісі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап жазды.

Таяу арада көлік жүргізушілеріне қағаз жүзіндегі "техникалық байқау" құжатын алып жүру қажет болмайды.

 

"Енді "Техникалық байқаудың диагностикалық картасы" электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталады. Қазір IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің пилоттық нұсқасы алдағы 1 қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады", - дейді ведомство.

 

Бұл жобаның жоспарына сәйкес құжаттың цифрлы нұсқасы қадағалаушы органдардың дерекқорында сақталып, оны онлайн режимде тексеруге болады.

 

Министрліктің есебінше, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, қоғамның сенімін арттырады.

 

Айта кетері, биыл көктемде VIII шақырылымдағы парламенттің алғашқы сессиясында мемлекет басшысы үкіметке цифрландыруды күшейтіп, бюрократиялық рәсімдерді барынша азайтуды тапсырған болатын.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz