2 миллионыншы BMW 7 шықты

23 желтоқсан 2022, 16:38

Жетінші буындағы «жетіліктің» іштен жанатын қозғалтқышы бар нұсқасы да, электрлі нұсқасы да желтоқсанның басында сатылымға шықты. Флагманның екі миллионыншы данасы 1977 жылы ең алғашқы 7-Series шыққан Дингольфингтегі BMW зауытында жасалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Әрине, E23 шанағындағы алғашқы «жетілікке» дейін де BMW гаммасында люкс көліктер болған, бірақ дәл осы модельден бастап бавариялық компания S-Class-ы (W116 буыны) ескіре бастаған Mercedes-Benz-ті үздіктер сегментіндегі орнынан ығыстыра алды.

 

Кейінгі 45 жылда модельдің өзі ғана емес, Дингольфингтегі оны өндіру процесі де өзгерді, қазір құрастыру алаңына бөлшек жеткізумен автоматты тиегіштер мен робот тартқыштар айналысады. Оның үстіне i7-ге арналған электромотор мен жоғары вольтты аккумулятор осында жасалады. Сондай-ақ бұған дейін «жетілікте» болмаған екі түрлі шанақ түсі пайда болады.

 

 

Төменгі Бавариядағы кәсіпорын BMW-ның Еуропадағы ірі зауыттарының бірі саналады, онда 4, 5, 6, 7, 8-Series және iX шығады. Жылына 250 000 машина өндіре алады.