Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда екі көлік бірдей мемлекеттік нөмір тағып жүрген

10 тамыз 2022, 15:52

Нөмірлері бірдей көліктерді полицейлер анықтап, оларды айып тұрағына қойды. Ресейде тіркеуде тұрған көліктің иелеріне қатысты тексеру жүріп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, Алматы көшелерінде Toyota Estima маркалы екі көлік бірдей нөмірмен жүйткіп жүрген. Тексере келе екі көліктің нөмірлерінен бөлек құжаттары да бірдей екені анықталды.

 

Алайда қазіргі иелері көліктерін заңды түрде сатып алғанын алға тартып отыр. Екі шетелдік көлік те мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жұмыстарын бастады.