АВТОжаңалықтар

Алматыда мас күйінде көлік айдаған 461 жүргізуші ұсталды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Алматыда жыл басынан бері мас күйінде көлік айдаған 461 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, үш ай ішінде қатардағы бөлімшелерінің қызметкерлері мас күйінде автокөлікті басқарған 460-тан астам жүргізушіні ұстады.

 

Жол ережелерін бұзушыларға кемінде 15 тәулікке қамауға алу және жеті жыл көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік шаралар қолданылды.

 

«Құқық бұзушылықтың осы түріне қатысты жазаның қатаңдатылғандығына қарамастан, алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік жүргізетін жүргізушілер әлі де бар. Көп жағдайда топтасқан адамдар ішімдікті ішіп алады да, кейіннен үйлеріне көліктеріне отырып барады. Өзінің қылмыстық әрекетімен ол «А» нүктесінен «Б» нүктесіне қауіпсіз жетуге үміттенеді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей мас жүргізушілердің кінәсінен апаттар орын алады. Мас жүргізушілерді тоқтатып, оларды анықтағанда, дәрі-дәрмектерді іштік немесе бірнеше метр ғана жүрдік деп сендіріп, алдауға тырысады, ал кейбіреулері тұра мағынасында жауапкершіліктен қашып кеткісі келеді»,- деп түсіндірді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

 

Сонымен қатар, ол мас адам рөлде отырса – қылмыскер екенін атап өтті.

 

 




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 18:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 18:51
    Жаңарған Lada Vesta
    20 Қаңтар, 11:47
    Көлікке сұраныс артты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30