Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда мопедшілер мен самокатшыларға айыппұл салына бастады

01 тамыз 2022, 19:58

Полиция қызметкерлері қос дөңгелекті көлік жүргізушілеріне арнап тағы бір мәрте профилактикалық жұмыс жүргізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

«Аталған іс-шара кезінде қызметкерлер бір күнде жол ережесін елемеген 40-тан аса фактіні анықтады. Ереже бұзған азаматтар Әкімшілік кодекстің 615-баты 1-бөлігі бойынша (айыппұл мөлшері 2 АЕК — 6126 теңге) жауапқа тартылды. Мопед мінген екі жасөспірімнің ата-анасы жазаланды», — деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ басшысының орынбасары Диас Дуанбеков.

 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады. 18+

 

 

Оның айтуынша жазда мопедшілер мен самокатшылар қатысқан жол апаты төрт есе артты. Биыл алты айда Алматыда жеке мобильділік құралы қатысқан 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 81 адам зардап шекті, бір тұрғын қайтыс болды. Сондай-ақ балалар мінген самокат пен скутерлер 21 мәрте оқыс оқиғаға ұшырап, 23 бала жараланды.

 

Полицейлер жол ережесінің 24-бөлімі 1-тармағына («Велосипед, мопед, ат арба қозғалысына және жануарларды айдауға қойылатын қосымша талаптар») сай мопедті 16 жасқа толғандар ғана мінетінін ескертеді. Мопед веложолақпен жүруі керек, егер ол болмаса, жүріс бөлігінің оң жақ шетімен қозғалуға тиіс. Тротуарда мопедпен жүруге тыйым салынады!

 

Елде электросамокат статусы әлі заң жүзінде айқындалған жоқ. Ол тек стандартқа енді. Биыл жыл аяғына дейін полицейлер көліктің бұл түрін ЖҚЕ мен Әкімшілік кодекске қосады.