Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Астана Моторс" Қазақстанға жаңа Changan автокөліктерін жеткізеді

11 тамыз 2022, 16:21

Қыркүйек айында Қазақстанда Changan жаңа автокөліктерін сату басталады, деп хабарлайды "Астана Моторс" баспасөз қызметі. Компания құрамына Changan International Corporation (ҚХР) компаниясымен келісімге қол қойған Қазақстандағы Changan брендінің ресми дистрибьюторы Silkway Auto Kazakhstan кіреді.

"Changan International Corporation - ғасырлық тарихы және елеулі сату ауқымы бар автоөндіруші, бұл бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам автомобиль сатқан алғашқы қытайлық компания. Брендтің халықаралық мойындалуы Changan қазақстандық нарықта өзінің табысты тарихын жалғастыратынына сенімділік береді", - дейді "Астана Моторс" бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

"Астана Моторс" Қазақстанның автомобиль нарығының көшбасшысы репутациясына ие. Компанияның әлемдік автомобиль брендтерімен табысты ынтымақтастығының отыз жылдық тарихы команданың бай тәжірибесі мен жоғары кәсіпқойлығын куәландырады. Біздің бірлескен күш – жігеріміз Қазақстанның сатып алушыларына Changan автомобильдері мен сервистерінің брендтің әлемдік стандаттарға сай жоғары деңгейін толық көлемде бағалауға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп атап өтті Changan International Corporation бас директоры Макс Сонг.

Changan – әлемдік автомобиль шығаратын технологиялық көшбасшыларының бірі. China Association of Automobile Manufacturers (CAAM) деректері бойынша Changan International Corporation компаниялар тобының сатылымдары Қытай автобрендтері арасында әлемде бірінші орын алады.

Әлемнің 6 еліндегі компанияның 9 бейінді ғылыми-зерттеу және дизайнерлік орталықтары бірлесіп әлемнің 70-тен астам еліндегі тұтынушылар үшін автомобильдер жасайды.

Алматыдағы Changan дилерлік орталығы өз жұмысын 2022 жылдың қыркүйегінде, Алматыдағы MyCar Kuldzhinka жаңа автоорталығында бастайды.

Жыл соңына дейін Changan дилерлік орталықтары  Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы дилерлермен кеңейтуді жоспарлап отыр. 2023 жылдың соңына қарай Ақтөбе, Ақтау,Тараз, Қызылорда, Петропавл, Көкшетау, Семей және Талдықорған қалаларында тағы сегіз дилерлік орталықтар ашылады.