Астанадағы көк түсті жол таңбасы нені білдіреді?

17 мамыр 2022, 20:25

Бульвар аумағындағы асфальтқа сызылған көк сызық елордалық жүргізушілерді таңғалдырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Автотұрақ қызметкерлері (полиция емес, жауапты компания) ақылы тұрақ орны осылай бөлінгенін айтады. Таңба сынақ ретінде Нұржол бульварында сызылды.

 

 Жаңа тәсілді қала билігі мақұлдаса, астанадағы барлық ақылы тұрақ көк сызықпен белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көк түсті таңба жүргізушілердің ақылы тұрақ шекарасын тез әрі жақсы анықтауына көмектеседі. Мұндай белгі Мәскеу мен Санкт-Петербургте бірнеше жылдан бері қолданылып келеді.

 

Жол ережесі мен стандартта жаңа таңба жоқ. Бірақ мемлекеттік стандарт жол жөндеушілерге және осындай жағдайда автотұрақ қызметкерлеріне эксперимент жасап көруге рұқсат береді. Дегенммен тіпті сәтті тәжірибенің өзі ережеге енгізіле бермейді.