Атырау облысындағы жол апаты: 7 адам ауруханаға жеткізілді

21 ақпан 2022, 19:43

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 7 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 20 ақпанда сағат 23:30 шамасында болған.

 

«Атырау-Индер бағытындағы тас жолдың 19-шақырымда «Лада Приора» мен «Лада Ларгус» көліктері соқтығысты.

Полиция қызметкерлері жол апаты болған оқиға орнында тексеру жүргізді.

Медициналық сараптама қорытындысна сәйкес «Лада Приора» көлігін басқарған 1997 жылғы жүргізушінің орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды.

Сондай-ақ, бұл жүргізушінің көлік жүргізу құқығы болмаған.

Жол апатының салдарынан екі көлікте болған 7 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушының бәрі облыстық ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Қазір мас күйде көлік жүргізген жүргізушіге қатысты іс құжаттары жинақталып жатыр.