Audi жол талғамайтын купесін көрсетеді

24 қаңтар 2023, 16:45

Audi жаңа концептісінің бірнеше тизерін жариялады. Activesphere деп аталатын жол талғамайтын төрт есікті электрлі купе Urbansphere, Skysphere және Grandsphere қатарлы шоукарлар сериясын жалғастырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қысқа роликте Activesphere демалысты ұнататын жандарға арналған автомобиль қалай дамитынын көрсетеді.

 

Мысалы, видеодан велосипед тасуға арналған багаж бөлімін түрлендіруге болатынын көруге болады.

 

 

Activesphere моделінің техникалық жағы туралы ақпарат жоқ. Бірақ концептіден кем дегенде Audi-дің матрицалы жарық техникасын көреміз деген болжам бар.