Автосалон опция қосып сатса не істеу керек

30 мамыр 2022, 21:35

Автосалондардың клиентке қосымша жабдық сатып алуды «ұсынатыны» бұрыннан белгілі. Бірақ жеңілдікті автонесие бағдарламасы іске қосылып, оның үстіне көлік тапшы болып жатқан кезде сатушылар «қаласаң — ал, қаламасаң — бар» қағидасын ұстанып, жағдайды ушықтырып жіберді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Комитет саудагерлердің мұндай әрекеті ҚР «Тұтынушы құқығын қорғау туралы» заңына қайшы екенін, онда қосымша тауар немесе қызметті мәжбүрлеп сатуға тыйым салынғанын айтады. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, eotinish.kz және e-tutynushy.kz сайты немесе @kzpp_bot телеграм-боты арқылы тұтынушы құқығын қорғайтын органға шағымдануға болады. Бірақ құқығыңыз бұзылғанын растайтын фотосурет, видео, түбіртек көшірмесі секілді айғақтарды бірге ұсыну қажет.

 

Сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушы құқығын қорғау комитетінің ресми сайтында көрсетілген нөмірлер арқылы облыстық департаментке шағымдануға болады.

 

Бұған дейін Алматы прокуратурасы көлікке қосымша жабдық қосып сату заңсыз екенін айтқан. Ал монополияға қарсы қызмет өкілдері машина іздеп келген адамды опция алуға мәжбүрлеу бәсекелестердің құқығын бұзатынын мәлімдеді.