Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

АВТОВАЗ электрлі «Ларгустың» прототипін көрсетті

28 желтоқсан 2022, 16:43

АВТОВАЗ Lada e-Largus электромобилінің жолдағы және зертханадағы сынағы басталғанын хабарлады. Бұл машина жайлы жазда айтылған, енді іштен жанатын қозғалтқышы бар стандарт Largus Cross негізінде жасалған жаңа өнімнің прототипін көрсетті. Өндіріс 2023 жылдың аяғына қарай Ижевскіде басталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Машина 150 ат күшіне ие тұрақты магниті бар синхронды электромотормен жүреді. Алғашқы жүздікті 10 секундта алады әрі ең жоғары жылдамдығы сағатына 145 км-ге жетеді. Электромобильдің жүріс қоры — 400 км. Бірақ бұл бір жүргізуші мен 100 келі жүк тиелген кездегі көрсеткіш, көлікке түсетін салмақ артқан сайын жүріс қоры азаюы мүмкін. Машина жалпы 430 келі жүк көтере алады.

 

 

Электрлі «Ларгус» дәстүрлі платформаға негізделгендіктен, батарея капот астына қойылады, тағы бір бөлігі жанармай багының орнында тұр. Батареяның жалпы сыйымдылығы — 60 кВт/сағ, екі түрлі құрылғымен қуаттауға болады, Type 1 баяу қуаттауға, CHAdeMO жылдам қуаттауға арналған. Салонда беріліс қорабының иінтірегі жоқ. Жүріс режимін шайба мен аспаптар панелі арқылы таңдауға болады.

 

Өзге мәліметті «НА ЗАВОДЕ» арнасы жариялаған видеодан көруге болады.

 

 

Компания модельдің локализация деңгейі жоғары болатынын айтады, зауыт өндірістің бастапқы кезеңінде кемінде 50 % Ресейде жасалған бөлшек пайдаланады. АВТОВАЗ басшысы Максим Соколовтың айтуынша Lada e-Largus бензинді нұсқасынан 20–30 % қымбат болады. Бензинді Largus өндірісі биыл шілдеде тоқтаған, ол келер жылдан бастап қайта шығуы мүмкін.