АВТОВАЗ SOS батырмасы жоқ көлік шығара бастады

29 қыркүйек 2021, 00:11

Биыл тамыз аяғында Еуразиялық экономикалық комиссия автоөндірушілерге уақытша «ЭРА-ГЛОНАСС» жүйесі қойылмаған автокөлік шығаруға рұқсат берді. Бұған бүкіл әлемдегі автоөндірушілердің бас ауруына айналған электронды чип тапшылығы себеп болды деп хабарлайды kolesa.kz.

 

«Лада.Онлайн» таратқан ақпаратқа сүйенсек, АВТОВАЗ да осы мүмкіндікті пайдалануды жөн көрген. SOS батырмасы жоқ көліктер қазір Тольяттиде құрастырылып жатыр. Алғашқы партия 24 қыркүйекте дилерлерге жеткізілді.

 

Экономикалық комиссияның бұл шешімі «ЭРА-ГЛОНАСС» модулін кейін орнатпауға болады дегенді білдірмейді. Толық жабдықталмаған көлік өндірген кәсіпорын 2022 жылға дейін көлік иелерін сервиске шақырып, батырма орнатуға міндеттеледі. Ол үшін сатып алушы қосымша шартқа қол қояды.

 

Автоөндірушілерге жасалған жеңілдік биыл 31 желтоқсанға дейін күшінде болады. 2021 жылғы қаңтарда «ЭРА-ГЛОНАСС» жүйесі жоқ машина шығаруға қайта тыйым салынады.