Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

АВТОВАЗ Vesta-ға негізделген минивэн шығарады

06 шілде 2023, 12:32

АВТОВАЗ-дың марка үшін таңсық шанақта машина шығаруына Lada Largus өндірісіндегі қиындық себеп болды. Өйткені универсал шетелдік B0 платформасында жасалатын, Ресей санкцияға ұшыраған соң топтамаға компонент жеткізу проблемаға айналды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Сондықтан бренд «Вестаны» минивэнге алмастыру туралы шешім қабылдады, ол ескірген «Ларгусқа» балама болады. «Российская газета» жаңа машинаның жобасы RGH индексіне ие болғанын хабарлады. Жаңа модель Vesta-дан шанақ негізін ғана алады, басқа жағы мүлде өзгеше болады.

 

Модель қашан шығатыны әлі белгісіз. Сондықтан күзде конвейерге қайта тұратын Lada Largus тағы бірнеше жыл жарық көреді.

 

 

АВТОВАЗ бұған дейін де минивэн шығарған, ол — «Лада Надежда» деген атаумен белгілі ВАЗ-2120. «Нива» ВАЗ-2131 шассиіне негізделген толық жетекті машина 7 орынды болатын. «Надежда» 1998 жылдан 2006 жылға дейін жарық көрді.

 

Бұл минивэннің саны аз болғанымен, Қазақстанға келді. Оларды әлі де ел аумағынан кездестіруге болады, тіпті Kolesa.kz-те екі данасы сатылып жатыр.