BMW Қытай нарығына арналған X5-ті жаңартты

28 тамыз 2023, 17:48

BMW Чэнду автосалонында жаңарған X5 Li кроссоверін көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Марка атауында Li әрпі бар түрленімді былтыр көктемде Қытай нарығы үшін арнайы әзірлеген.

 

Аспан асты елінде артқы орны Еуропадағы нұсқасына қарағанда кеңдеу машиналар сұранысқа ие.

 

X5 Li-дің дөңгелек базасы 130 мм ұзарған. Мұндай X5-тің ұзындығы — 5060 мм, ось арасындағы қашықтық — 3105 мм.

 

 

 

 

BMW X5 Li стандарт кроссоверден кейін рестайлингтен өтті. Машинаның сырт пішіні жаңа бампер, заманауи жіңішке оптика және жарық шашатын радиатор торымен ерекшеленеді.

 

Жаңарған салонда 12.3 және 14.9 дюймдік дисплейден тұратын ойыс экран блогы бар, BMW мұндай құрылғыны жаңа модельдеріне қолданып жүр. Медиакешен iDrive жүйесінің ең жаңа нұсқасымен жұмыс істейді. Алдыңғы панель мен ортаңғы тоннель өзгерген.

 

 

 

 

Қытайда сатылатын кроссовердің мотор гаммасында бұрынғыдай 2 және 3 литрлік турбомотор бар, бірақ олар қазір 48 вольтты стартёр-генератормен жұмыс істейді. Қозғалтқыштардың қуаты да артты, көлемі кішісі — 287 (+15), үлкені — 423 (+53) ат күшін береді.

 

Қытай нарығына арналған кроссоверді BMW және Brilliance бірлескен кәсіпорны шығарады. Машинаға тапсырыс қабылдау басталды, ең арзаны 615 000 юань (39 млн теңге) тұрады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz