ЕЭО-ға тағы бір Haval кроссовері келеді

29 қыркүйек 2021, 00:18

Haval-дың ЕЭО-дағы (және Қазақстандағы) модельдік топтамасы жақында тағы бір кроссовермен толығуы мүмкін. «Китайские автомобили» порталы хабарлағандай, ол — DaGou («Үлкен ит») деген атаумен танымал Dargo.

 

 

DaGou алғаш рет 2020 жылы жазда таныстырылған. Машина Қазақстанда сатылатын Jolion-мен бір платформаны бөліседі, бірақ көлемі сәл үлкен. Кроссовердің ұзындығы — 4.6 метр. Капот астына 1.5 және 2 литрлік турбомотор қойылады, олар сәйкесінше 169 және 211 ат күшін береді. Агрегат тек 7 сатылы роботпен жұмыс істейді, алдыңғы немесе толық жетектің бірін таңдауға мүмкіндік бар

 

 

Басылым ақпаратына сүйенсек, Dargo-ны Ресейде тіркеу процесі тамызда басталған. Жақында Туладағы зауытта сынақ ретінде алғашқы бірнеше данасы құрастырылды.

 

Жаңа өнімнің қашан сатылымға шығатыны қазірше белгісіз.