Еуропарламент автокөлікке қатысты заң жобасын қолдады

09 маусым 2022, 10:05

Еуропалық парламент осындай заң жобасын бекітті. Бірақ құжат енді Одаққа мүше әрбір елмен талқыланып, содан кейін ғана тиісті заң қабылданады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.

Жоспар кәрі құрлық аумағында ауаға зиянды қалдықтарды шығаруды азайтуға бағытталған. Осы мақсатта 2030 жылға дейін жеңіл көліктерден шығатын зянды қалдықтарды 55 процентке, ал жүк көліктерінен 50%-ке дейін қысқарту да көзделген.

 

Мохаммед Хахим, Еуропарламент депутаты:

 

– Бұл – тарихи оқиға. Себебі біз ауаға көмірқышқыл газының таралуын реттейтін жүйе арқылы әлемге үлгі көрсетіп отырмыз. Біріншіден, бұл қадам серіктестерімізді климаттың өзгеруімен күреске атсалысуға итермелейді. Екіншіден, шетелден импортталатын тауарларға да осындай талаптар қойылмақ.