Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Exeed көліктері Қазақстанда шығады

21 мамыр 2023, 20:55

Сиань қаласында өткен Қазақстан мен Қытай өкілдері қатысқан дөңгелек үстелде Manufacturing пен Exeed International елімізде Exeed модельдерінің өндірісін реттейтін лицензиялық келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайлық көлік өндірісі үшін Алматы қаласының Индустриялық аймағында жаңа кәсіпорын салынады. Жылына 80 мың машина шығаратын зауыт құрылысын биыл бастайды.

 

Кәсіпорын 2025 жылдан бастап Chery, Changan және Haval шығаратын Astana Motors мультибренді кешенінің жанында орналасуы мүмкін.

 

 

 

 

Exeed TXL

 

Orbis Manufacturing жобасына бөлінген инвестиция 72 млрд теңгені құрайды. Зауыттың ашылуы бастапқы кезеңде 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Онда мамандар VX, TXL және LX модельдерін құрастырады. Көліктер ірі торапты әдіспен емес, шанақты дәнекерлеп, бояйтын толық циклды (CKD) технология бойынша жасалады.

 

Алғашқы машиналар 2025 жылы конвейерден түсу керек.