Халықаралық іздеуде жүрген «Крайслер S300» маркалы автокөлік Жаңаөзен қаласынан табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
«16 қыркүйек сағат 4:30 шамасында Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» шағын ауданы көшелерінің бірінде «Крайслер S300» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында көлік Ресей азаматына тиесілі және 2019 жылдан бастап халықаралық іздеуде екендігі анықталды», - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 386-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көлік айып тұраққа қойылды.