Hyundai Accent Қазақстанға оралды

15 желтоқсан 2022, 16:13

Марканың ресми сайтында Hyundai Accent парақшасы пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтем е жасап.

Бірақ Алматыдағы зауытқа машина бөліктерін жеткізетін Санкт-Петербургтегі кәсіпорын әлі жұмыс бастаған жоқ. Сонда жаңа «акцент» құрастыратын бөлшектер қайдан келіп жатыр?

 

Kolesa.kz редакциясына «Астана Моторс» өкілдері Hyundai Trans Kazakhstan алаңында модель өндірісі расымен қайта басталғанын, алғашқы партия автосалонға шыққанын хабарлады. Ал машина бөліктерін бірден бірнеше ел: Қытай, Үндістан, Корея және Ресейден әкеледі екен.

 

 

азақстандағы Hyundai дистрибьюциясының директоры Денис Коломацкийдің айтуынша компания жаңа жеткізушілермен ұзақ уақыт серіктес болуға және өндіріс көлемін арттыруға ниетті.

 

Уақыт өте келе марка көлікті түрлі комплектацияда ұсынатын шығар. Қазір автомобиль 123 ат күшіне ие 1.6 литрлік мотор және автомат қораппен сатылады. Жабдықтар тізімінде SOS батырмасы, екі қауіпсіздік жастығы, орындық пен айна жылытқыштан тұратын базалық көмекші электроника жинағы, ауа баптағыш және экраны 5 дюймдік аудиожүйе бар. Рөлдің биіктігі мен орындық қолмен реттеледі. Бағасы — 9.9 млн теңге.

 

Еске салайық, Hyundai Accent пен Creta Қазақстандағы марка топтамасынан биыл тамызда шығып қалған.