Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Hyundai жаңарған Elantra туралы мәлімет берді

16 наурыз 2023, 10:52

Жаңарған Hyundai Elantra-ның жаһандық тұсаукесері әлі өткен жоқ, бірақ өз отанында саудаға түсетін Avante-нің құпиясы біраз уақыт бұрын ашылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

 

 

 

 

Седан экстерьерінің суретін марка ақпанда көрсетті. Бұл жолы автоөндіруші өкілдері мотор гаммасы бұрынғыдай болатынын хабарлады. Оңтүстік Кореяда модель 121 ат күшіне ие 1.6 литрлік агрегатпен, оның шағын электромоторы бар гибрид түрімен (141 а.к.), сонымен қатар газ құятын бак орнатқан қосотынды күштік құрылыммен (118 а.к.) сатылады.

 

 

 

 

 

 

Салонда көп өзгеріс жоқ, бірақ кіріккен бейнетіркеуіш байқалады. Ол түсірген роликтерін медиакешен экранына шығарады. Сонымен қатар инженерлер климат жүйесін зеңнен қорғайтын After Blow технологиясын седанға бейімдепті. Ол жүргізуші қозғалтқышты өшірген соң ауа баптағыштың булағышын, конденсаттан қалған ауа ізі мен ондағы ылғалды автоматты түрде құрғатады. Батарея қуаты аз болса және дала суық болса, After Blow қосылмайды.

 

 

Avante-нің тағы бір ерекшелігі бар — көлік иесі смартфонын не сағатын электронды кілт ретінде пайдалана алады. Функция машинаны брелоксыз бұғаттан шығарып қана қоймай, басқа адамға беруге жағдай жасайды. Оны жалпы жеті адам қолдана алады.

 

Hyundai седанды қашан ресми таныстыратыны әзірше белгісіз.