Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жалған техникалық тексеріс үшін салынатын айыппұл он есе артады

27 желтоқсан 2022, 11:18

Көлікті техникалық тексерістен өткізетін операторларға қатысты талап күшейіп, олардың жауапкершілігі артатынын депутат сауалына жауап берген ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серікәли Мұқатаев айтты. Оның сөзінше Әкімшілік кодекске тексерісті көліктің қатысуынсыз жүргізетін және басқа ережелерді бұзатын операторларға 300 АЕК (қазір 30 АЕК) айыппұл салып, реестрден шығаруға және үш жылға дейін бұл қызметпен айналысуына тыйым салуға негіз болатын өзгеріс енгізу жоспарланып жатыр.

Шенді 2024 жылдың аяғына қарай ҚР СТ 1433-2017 құжатының ластаушы газдардағы зиян заттардың нормативті деңгейін анықтау бөліміне де өзгеріс енетінін атап өтті. Содан кейін Алматыдағы техникалық тексеріс өткізетін бекеттер мегаполистің белгілі бір аудандарына «лас» машиналардың кіруіне тыйым салатын экотаңба бере бастайды.

Жалпы Экология министрлігінің идеясы жақсы көрінеді. Алайда біздің елде көлікті қалай тексеретінін жұрттың бәрі біледі. Биыл қаңтарда депутаттар процесс формалды өтетінін және саланы жемқорлық жайлағанын айтып, одан мүлде бас тартуды ұсынған. Ал енді тексерушілер экотаңба таратып, тағы бір пайданың көзін табатын сияқты.

kolesa.kz