Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жаңа Hyundai Santa Fe үлкенірек болады

28 қыркүйек 2022, 16:05

Қазір сатылып жатқан Santa Fe жаңа Kia Sorento секілді Hyundai-Kia N3 платформасына негізделген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

2018 жылы шыққан машинаның буын алмастыратын кезі келді. Оңтүстік кореялық автоблогер модельдің сынақтан өтіп жатқан нұсқасын таныстырды.

 

Жаңа Hyundai Santa Fe шанақ көлемі мен пропорциясын көрсететін Kia Carnival минивэнінің қасында тұрды. Оптика мен сыртқы декор дизайны көрінбегенімен, төбе сызығы мен тік бүйірлік терезеге қарап жаңа буын қазіргімен салыстырғанда қырлы формада жасалғанын байқауға болады.

 

 

Жаңа Santa Fe салонындағы назар аударатын жабдықтың бәрі шүберекпен жабылыпты. Ондағы айырмашылықты осы модельді мініп жүрген кісілер атай алатын шығар. Толық мәлімет беру үшін желіде кроссовердің анық суреттері жарияланғанын күтеміз.