Жаңа Kia Sportage Қазақстанға мамырда келеді

26 сәуір 2022, 18:55

Кроссовердің жаңа буынын Қостанайдағы зауыт мамандары құрастырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр жазда тұсаукесері өткен бесінші буындағы Kia Sportage Қазақстанға енді жетеді. Марканың ресми өкілдері жаңа көлік 20 мамырда сатылымға шығатынын мәлімдеді. Бірақ бағасы белгісіз.

 

 

 

Біздің елде дөңгелек базасы ұлғайған машина сатылады. Ось арасындағы қашықтық — 2755 мм, яғни алдыңғы буын өкілінен 85 мм үлкен. Ал ұзындығы — 4660 мм.

 

 

 

Көлік типін мақұлдау құжатында мотор гаммасында 152 ат күшіне ие (192 Нм) 2 литрлік қозғалтқыш пен 190 ат күшін (242 Нм) беретін 2.5 литрлік агрегат болатыны жазылған. Қарапайым машинаға алты сатылы, ал қымбатырақ нұсқасына сегіз сатылы автомат қорап орнатылады. Сонымен қатар артқы немесе толық жетекті көліктің бірін таңдауға мүмкіндік бар.

 

 

 

Толық жабдықталған темір тұлпарда круиз-бақылау, бетпе-бет соғылудың алдын алу, қозғалыс жолағын бақылау сияқты жүйелерден тұратын Drive Wise электронды көмекшілер кешені болады.