Жаңарған Lada Vesta салонда сатылады

25 шілде 2022, 23:14

Рестайлингтен өткен Lada Vesta автосалонға шығатын болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

«Лада.Онлайн» берген мәлімет бойынша АВТОВАЗ өндіріс тоқтағанға дейін жасалған көліктердің бір партиясын жуырда ресми сатушыларға жібереді.

 

 

 

Кәсіпкерлер 800-дей Vesta алады деген болжам бар. Седан және универсал шанақты көліктер арасында атауында Cross қосымшасы бар түрленім де кездеседі. Ресейде Lada-ның үш жүзге жуық ресми өкілі барын ескерсек, әр дилерге Comfort+ және Luxe класты 2-3 машинадан тиеді деген сөз.

 

 

 

Сонымен қатар автосалондарға бұл көліктерді Тольяттидегі басшылардың рұқсатынсыз БАҚ өкілдері мен блогерлерге тест-драйв өткізу үшін беруге тыйым салыныпты.