Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жеңілдетілген автонесие беру қашан жалғасады? Скляр жауап берді

20 желтоқсан 2022, 17:40

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда жеңілдетілген автонесие жобасын қаржыландыру қашан жалғасатынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Роман Склярдың айтуынша, бағдарламаның ендігі қарқыны бұған дейін несие алғандардың қарызын уақтылы төлеп тұрғанына байланысты.

 

"Бәйтерек" холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 миллирд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады. Толық түсініктеме алу үшін Даму қорына хабарласыңыз", - деді вице-премьер.