Жеңілдетілген автонесиенңі шарттары жарияланды

23 ақпан 2022, 17:13

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бөлінетін қаржының көлемін және шарттарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Жасыл даму" АҚ (бұрынғы даму "РОП операторы" ЖШС) есепшотында 200 миллиард теңгеден астам қаржы қалды.

 

"Осы қаражат халық игілігі үшін жұмсалуы қажет.Бұл қаржыдан 100 миллиард теңге отандық көлікті сатып алуға арналған жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бөлінеді", - деді Скляр "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында.

 

Вице-премьер бағдарлама шарттарын да айтты.

 

"Автокредиттің жылдық мөшерлемесі 4 процент болады. Ал алғашқы жарна болмайды. Кредиттің мерзімі 7 жыл. Жеңілдетілген автокредит қымбат емес көліктерге беріледі. Осылайша, 71 мың адам жаңа көлікті қолжетімді бағамен ала алады", - деп атап көрсетті Скляр.

 

Айта кетері, бұған дейінгі автокредит бағдарламасы жылдық мөлшерлеме 7 процент, ал мерзімі 7 жыл болған. Бірақ алғашқы жарнасы ретінде 20 процентті құю міндеті болды.

 

Сонымен қатар 15 миллионға дейінгі көліктерді рәсімдеуге мүмкіндік берілген.