Жүргізушісі жoқ автокөлікті жол сақшысы қалай тоқтатты

18 сәуір 2022, 19:02

Сан-Франциско қаласында жол сақшысы жүргізушісі жоқ, яғни, роботталған таксидің прототипін тоқатты. Бұл жайында islam.kz порталы тілшісі cnbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Бұл көріністі куәгер таспаға тартып алыпты.

 

Автокөлік әлемге әйгілі General Motors компаниясының еншілес кәсіпорны Cruise компаниясына тиесілі болып шықты.

 

Роботталған такси жол сақшасының пәрменімен тоқтауы үшін арнайы алгоритм енгізілген.

 

Жол сақшысы роботталған таксиді қозғалыс кезінде жарығы жанбағаны себеп болған. Жол сақшысы жақындаған соң робот такси кенет жолдан шығып, жасылы жанған бағдаршамдағы  қиылыстан өтіп, қозғалысқа кедергі келтірмеуі үшін жол жиегіне жақындаған.

 

Жол сақшысы тоқтатуын тоқтатқанымен ішінде адам жоғына көз жеткізген.

 

Мұндай жағдайда жол сақшысы не істеуі керек?

 

Cruise компаниясының полициямен байланысуына арналған, тәулік бойы жұмыс істейтін телефон желісі бар, оператор робот такси туралы кез келген сауалға жауап бере алады.