ҚАБҚ жеңілдетілген автонесие бойынша шағымдарға жауап берді

10 тамыз 2022, 14:37

Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығы (ҚАБҚ) жеңілдетілген несиеге көлік алу үшін кезекке тұрғандардан алдын ала төлем талап ететін автосалондарға шағымданған қазақстандықтарға жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде елде құрастырылған көліктерді 4 пайыздық жеңілдетілген несиемен сататын автосалондар әрекетіне шағымданды.

 

"Автосалоннан хабарласып, көлікке кезекті сақтау үшін 10 пайыз алдын ала төлем жасау керек екенін айтты. Жалпы, таңғалатын ештеңе жоқ. Жаңа Қазақстан, бірақ жұмыс әдістері әлі ескі", - деді Ұлан Әбішев Facebook әлеуметтік желісінде

 

Ол бағдарлама жұмыс істей бастаған бойда бірден бірнеше автосалонда кезекке тұрғанын түсіндірді. Салондардың бірінде оған алғашқы жарнаны үш күннің ішінде төлеу керек екені айтылған. Ер адамның қолында мұндай сома болмаған.

 

"Мен бірнеше автосалонды аралап шықтым. Көлік алу үшін кезекке тұрдым. Бастапқы жарнаны ешкім сұрамады. Тек бағдарлама бойынша көліктер бар екенін айтты", - деді Ұлан.

 

Жазба астындағы пікірлерде көптеген қазақстандық өздеріне осындай жаңа талап қойылғанын айтқан.

 

Instagram желісінде де осыған қатысты даулар шыққан. Қолданушылардың бірі Нұр-Сұлтандағы дилерлік қызметке шағымданған.

 

"Жеңілдетілген автонесие іске қосылған сәттен бастап бастапқы төлем жасаудың қажеті жоқ деп, енді кезек жақындағанда көлік құнының 10 пайызын талап ете бастады, әйтпесе тізімнен алып тастайды мыс. Менің сұрағым: қандай негізде? Өйткені, көлік құны 10 миллион теңгеден асқан жағдайда ғана қосымша ақы алынатыны айтылды. Мен сияқтылар көп екеніне сенімдімін", - деп жазды желі қолданушысы.

 

Дилер орталығы бұған пікір білдерген.

 

"Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша автокөлік сатып алу үшін алдын ала төлем талап етілмейді. Кезектен шығаруға ешкімнің құқығы жоқ. Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін хабарласқан адамның жеке деректерін көрсетуіңізді сұраймыз", - деп жазды компания.

 

Ақпаратқа ҚАБҚ да пікір білдіді.

 

"Индустрияны дамыту қоры арқылы жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша 0 пайыздық бастапқы жарна қарастырылған. Автосалондар/салондар клиентке алдын ала сатып алу-сату шартын жасасуды ұсына алады, бұл клиенттің автокөлік сатып алу ниетін растайды. Мұндай шарт бастапқы жарнасыз немесе бастапқы жарнамен жасалуы мүмкін - егер клиент өз қаражатына немесе басқа қаржылық бағдарламалар бойынша автокөлік сатып алса.

Дилер клиенттерді бастапқы төлемді жасаудан бас тартқаны үшін кезектен шығармауы керек. Мұндай жағдайлар анықталса, дилер орталығына мекеме басшылығына немесе ҚАБҚ хабарлауыңызды сұраймыз", - деп түсіндірді қауымдастық өкілдері.

 

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, автокөлікті сатып алушы автокөлікті сатып алу ниетін растайтын алдын ала келісім-шартқа отыруы керек. Алдын ала төлем немесе автокөлікті сатып алу құны мен несие сомасы арасындағы айырмашылық, егер несие сомасы автокөліктің құнынан аз болса және тікелей автокөлікті сатып алу кезінде жасалуы керек.

 

Қолма-қол ақшаға немесе басқа несиелік бағдарламаларға автокөлік сатып алғанда, дилер орталықтар алдын ала сатып алу-сату шартына қол қоюды сұрайды және бұл кезек тез өтуі үшін жасалады.