Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Калугадағы бұрынғы VW зауытында Omoda седаны шығады

02 маусым 2023, 10:20

Chery Калугадағы Volkswagen зауытының қазіргі иесі «Авилон» дилерлік желісінің серіктесі атанады. Autonews.ru басылымы хабарлағандай, компания аталған кәсіпорында Ресейде қазір сатылып жатқан Omoda S5 седанын құрастыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөз таратқан ақпаратқа сенсек, Chery Калугада жасалған Omoda S5 седанының базалық нұсқасын нарыққа жаңа бренд ретінде шығарады. Omoda топтамасында қуатты S5 GT ғана қалады.

 

Концерн санкцияға ұшырамау үшін модель атауын өзгертіп отыр. Мұндай схеманы бұған дейін JAC пен «Москвич» пайдаланған.

 

 

 

Omoda S5

 

Калугада шыққан седан едәуір арзан болады, бағасы тіпті қазіргі Omoda S5-тен төмен болуы мүмкін. Мамандар бұған «Авилон» саясаты ғана емес, көп қаржы кетпейтін ірі торапты әдіс әсер еткенін айтады. Біріншіден, Volkswagen заутында кей жабдық сақталған, екіншіден, Omoda S5 седаны құрылымдық жағынан 2022 жылғы наурызға дейін осында жасалған VW Polo лифтбэгіне ұқсас.

 

Omoda S5 GT-дің базалық седаннан сырт пішіні де, құрылымы да өзгеше. Ол басқа радиатор торы бар агрессивті аэродинамикалық бастырығы және робот қораппен жұмыс істейтін 150 ат күшіне 1.6 литрлік моторымен ерекшеленеді, ал төрт есікті базалық модель 147 ат күші бар мотормен жүреді, агрегат робот емес, вариатормен жұптасады.

 

Дереккөз тараптар нақты келісімшартқа әлі қол қоймағанын хабарлады. Chery де, «Авилон» да бұл ақпарат жайлы пікір білдіруден бас тартты.

 

Chery Ресейде көлік шығаруға көптен бері тырысып жүр. Марка автомобильдері УАЗ және Қиыр Шығыстағы «Мазда Соллерс» кәсіпорнында көзге түскен. Chery өзі зауыт салуы мүмкін.

 

Қытайлық концерн Қазақстан нарығына да баса назар аударып, үлкен жоспар құрып отыр.