Қарағанды жолдарында ирек жолақтар пайда болды

25 шілде 2022, 12:54

Қала тұрғындары қисық сызықты Республика даңғылының Шахтерлар көшесінен Мұқановқа дейінгі бөлігінен көрген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

Zakon.kz редакциясына шенділер жаңа таңба зебра алдына жүргізушілердің назарын аударып, жүрісін бәсеңдетуге ықпал ету үшін сызылғанын айтыпты. Зигзаг типті таңба Еуропа елдерінде бар және көлік көп жүретін көшелерге, оқу орындарының маңына сызылады.

 

 

Батыс елдерде

 

Жол ережесі мен жол стандарттарында ол туралы сөз жоқ екені анық. Бұл тәжірибе және оның пайдасы бар-жоғын алдымен Қарағанды тұрғындары анықтайды.

 

Айтпақшы, биыл ғана стандартқа енген торлы таңба мен көлік легінің арасын бөліп тұратын сары сызық та ең бірінші осы қалада сынақтан өткен.