Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарашадағы автонарық: Қытай көліктерінің үлесі 15 %-ға жетті

20 желтоқсан 2022, 16:46

Ірі марка көліктерін жеткізуде қиындық туғандықтан, Қазақстан автонарығында Қытай өнімдері көбейіп келеді. Былтыр Аспан асты елінің машиналары біздің нарықтың 5 %-ын ғана алса, биыл қарашада өткен 12 246 автомобильдің 1991-і қытайлық өнім, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) қарашада автонарық жақсы нәтиже көрсеткенін хабарлады. Сатылым былтырғы қарашамен салыстырғанда 22.2 % жоғары болды. Биыл 11 айда 109 990 көлік өтті (2021 жылғы қаңтар-қарашада 106 867 машина иесін тапқан).

 

Күздің соңғы айында көп сатылған маркалар тізімінде тағы Chevrolet көш бастап тұр. Дилерлер 3127 машина саудалады, бұл былтырғы қарашамен салыстырғанда 39.4 %-ға көп. Екінші орында 3 083 көлік сатқан Hyundai (+249 %) тұрса, үздік үштікті Kia түйіндеді (1718 дана, +8.9 %).

 

Chery екінші ай қатарынан төртінші орынға ие болды (767 дана). Бесінші сатыға Toyota жайғасты (698 дана, —46 %). EXEED (369 дана) алтыншы, JAC ( 351 дана, +19.8 %) жетінші орыннан көрінді. Үздік ондыққа бұлардан бөлек Haval (258 дана, +23.4 %), Lada (197 дана, —86.7 %) және Lexus (174 дана, +13.7 %) енді.

 

Chery Tiggo 7 Pro екінші ай қатарынан танымал модельдер тізіміне еніп отыр, қарашада кроссовер бесінші орынға көтерілді. Қазақстанда Қытай көліктері жылдам көбейіп жатыр. 2020 жылы біздің елде 2 мыңға жуық Қытай машинасы өтсе, 2021 жылы көрсеткіш екі есе өсті, ал 2022 жылы 10 мыңнан аса автокөлік сатылды.

 

2022 жылғы қарашадағы ең танымал 10 модель