Қауіпсіздік жастығына қатысты жаһандық жанжал

27 мамыр 2022, 19:52

Әлемде Takata қауіпсіздік жастығы орнатылған ондаған миллион автокөлік (арасында қазақстандықтар бар) кері шақырылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жақында оның ең ірі сервистік кампания атағына бәсекелес пайда болуы мүмкін. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында ARC Automotive компаниясына қарсы сотқа шағым түсті. Ол автобөлшек өндіретін, атап айтқанда эйрбэгке арнап инфлятор шығаратын компания.

 

Мәселе мынадай: Takata құрылғысы сияқты ARC-ге де аммоний нитраты қолданылады, ол ылғалды климатта қасиетін жоғалтып, тез жанып кетеді, салдарынан инфлятор корпусы жарылып, металл сынықтар шашырайды. Takata инженерлерінің қателігінен 28 адам қайтыс болып, жүздеген азамат жарақат алған, ал ARC инфляторы екі адамның өліміне және төрт адамның жаралануына себеп болды.

 

Шағым авторлары ARC Automotive бұл мәселені бұрыннан білген, бірақ дер кезінде сервистік кампания жарияламады деп санайды. Бұл мәселе алғаш рет 2015 жылы айтылған. Содан кейін NHSTA тергеу бастады, бірақ одан әлі нақты нәтиже шыққан жоқ. Жеті жылда небәрі 5 мың машина сервиске шақырылды. Оның көбі GM көліктері, бірақ құжатта Volkswagen мен Ford та аталады. NHTSA мәліметі бойынша АҚШ-та ARC компоненті орнатылған 51 миллионға жуық машина бар, олардың ең ескісі 2002 жылы шыққан.

 

Ең жаманы қауіпсіздік жастығында ақау бар-жоғын анықтау қиын. Бөлшекке әдетте автоөндіруші немесе қауіпсіздік жастығын шығарған компания белгі салады, ал ол кезде ішіне қандай инфлятор орнатылғаны көрсетілмейді.