Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда Hyundai Creta өндірісі қайта басталуы мүмкін

30 желтоқсан 2022, 16:28

Ресейде орналасқан Hyundai зауыты біраз уақыт бұрын Accent шанақтарын жасай бастаған, енді «Крета» компоненттерін әзірлеуге ниетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Мұны «Ведомости» басылымына хабарлаған кісілер кәсіпорын өнімін Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan ғана алатынын айтыпты.

 

Біздің елде Creta өндірісі биыл тамызда тоқтады. Бұған Санкт-Петербургтегі зауыттың бөлшек жеткізуді тоқтатқаны себеп болды. Ресейдегі кәсіпорынның қызметіне қайта кірісуі Алматыда да Hyundai Creta құрастыру процесі басталатынын білдірсе керек.

 

Марканың Қазақстандағы ресми өкілдері ақпаратты әзірше растаған жоқ. Бірақ Accent құрастыратынын хабарлағанда біраз бөлшек расымен Ресейден келетінін айтқан.

 

Creta моделі брендтің Қазақстандағы ресми сайтына шықпады. Зауыт «Акцент» секілді оның да бөлшектерін бірнеше елден әкелсе, модель өндірісі қайта басталатын шығар.