Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді

19 мамыр 2021, 13:04

Бұдан былай медициналық тексеріс кезінде флюорографияны тапсырудың қажеті жоқ.
Жүргізуші куәлігінің мерзімін ұзарту үшін терапевт, окулист, лор, психолог, наркологтың тексерісінен өтсе жеткілікті.

Көлік құралын жүргізуге рұқсат беретін анықтаманы e-Gov порталы арқылы алуға болады. Оны алу үшін цифрлық қолтаңбамен e-Gov порталы арқылы өтінім жіберуі тиіс. Хаттың жауабы «Жеке кабинетке» келеді. Қажетті құжаттар жіберілмесе, мерзімі өтіп кетсе, медициналық тексерістің нәтижесі дұрыс болмаса, анықтама берілмейді.
Жүргізуші куәлігін алу үшін:

– жеке куәлік;

– медициналық тексерістен өткені туралы анықтама;

– мемлекеттік баж салығының түбіртегі керек.

aikyn.kz