Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда орташа жылдамдық ұғымы енгізілмек

25 шілде 2022, 20:21

Елде орташа жылдамдықты асырған жүргізушіге айыппұл салу жоспары бұрыннан болған. Бірақ заңда оның нақты не екені көрсетілмеген еді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан стандарттау және метрология институты ақыры бұл ұғымға толық түсінік берді: «орташа жылдамдық — бақыланатын жол бөлігінің ұзындығы мен көлік құралының осы аралықты жүріп өткен уақытының қатынасына тең сипаттама». Полиция жақында бұл мәселе бойынша карт-бланш алады.

 

«Қазір Ішкі істер министрлігі қала сыртындағы тас жолда орташа жылдамдықты асырған жүргізушіні жауапқа тартуға мүмкіндік беретін өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр», — деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

 

Комитеттің баспасөз қызметі Kolesa.kz редакциясына хабарлағандай, жол ережесі мен Әкімшілік кодекске өзгеріс енгізу жобасын мүдделі мемлекеттік органдар талқылап жатыр.

 

Құжат біраз уақыттан кейін қоғамдық талқылауға шығады, ал одан кейін оны парламент қарайды.