Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кептеліс кезінде «секіріп» өтетін автокөлік құрастырылды

29 желтоқсан 2022, 15:26

Қытай стартапы жолда жүруге арналғанымен ұшу арқылы кедергілерді еңсере алатын көліктің жаңа түрін сынап көрді және жұртшылық назарына ұсынды. , - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.

Aeroht компаниясы ерекше ұшатын көлік құрастырды. Ұшуға арналған eVTOL-дан айырмашылығы - жаңа көлік жердегі саяхат уақытының 90%-на дейін өткізеді, қажет болған жағдайда ғана әуеге көтеріледі.

 

Bloomberg іскерлік дерек көзінің мәліметіне қарағанда, компания бұл көлігін 2025 жылдан бастап өндіріске енгізеді. Бұл ретте бір көліктің құны шамамен 140 мың долларды құрауы мүмкін.

 

Түймені басу арқылы роторды іске қоса аласыз, ол өз кезегінде жүруге қолайлы жолға түскенше көлікті әуеге көтереді.

 

Сарапшылар eVTOL ұшатын көлігіне қарағанда көп уақытын жерде өткізетін гибридті моделге көшу өз кезегінде машинаның құнын айтарлықтай төмендететінін атап өтті.

 

Салыстыру үшін алсақ, eVTOL құны кем дегенде 1 миллион долларды құрайды, ал қытайлық гибрид шамамен жеті есе арзан.

 

Қалалық ортада мұндай көліктің қалай жұмыс істейтіні және реттелетіні әзірге белгісіз: ұшатын көліктерге арналған жолда жүру ережелері әлі белгіленбеген, ал көптеген елдерде оларға тыйым салынған.